• Басты бет
  • /
  • "Gylymi saiahat"Республикалық Ғылым фестивалі
"Gylymi saiahat"Республикалық Ғылым фестивалі

Бүгін, 22 сәуірде 10 а сынып оқушысы Анастасия Соколова мен директордың ОӘЖ бойынша орынбасары Ирина Александровна Тобыл қаласындағы Қостанай ауылшаруашылық колледжінің базасында «Gylymi saiahat» Республикалық ғылым фестиваліне қатысты. Ирина Александровна конференцияға «Білім алушылардың ғылыми ойлауын қалыптастырудың негізі ретінде жалпы білім беретін пәндер» секциясының қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты.Ал Анастасия Соколова ғылыми әзірлемелер көрмесінде гидропоника бойынша өзінің ғылыми жұмысын ұсынды. Алдағы жетістіктерге жетуді тілейміз!